Қызық заттары бар 7 винтаж дүкені

Қызық заттары бар 7 винтаж дүкені

Жергілікті дизайн-студиялардың парақшаларына көз жүгіртсек, қазақстандықтардың минимализм интерьерге немесе керісінше, алтынға, молдингтерге және барокко стиліндегі жиһазға сұранысы бар деуге болады.

Интерьердің негізі шешуші элементі - бөлшектер. Мысалы жарқын түстер кеңістікті ерекше етеді, ал "алтын" оны сәнді эклектика стиліне ұқсас етеді. Tengri Lifestyle тілшісі интерьерге қажет заттарды қай винтаж дүкендерден табуға болатынын анықтады.

Vintage retro интернет-дүкенінде винтажды жиһаз, люстра және басқа керек-жарақтарды таба аласыз. Айналмалы барабаны бар Ретро телефон балалық шақтың бақытты естелігіне айналады.

Instagram/@vintage_retro_kz

Asay Jurek дүкенінде винтаж киім мен зергерлік бұйымдардан басқа, қызық шкафты, декорды және тіпті баспа машиналарын таба аласыз. Біздің көзіміз Freiberger Porzellan фирмасының керемет сүйкімді фарфорына түсті.

Instagram/@asayjurek.vintagehome

Vintage room онлайн-дүкенінде көп шам мен люстра бар. Алматылықтар аты аңызға айналған "Қазақстан" қонақүйі түріндегі шамды жоғары бағалайтынына сенімдіміз.

Instagram/@vintageroom_kz

"Любимое кресло" винтаж дүкенінен креслоларды ғана емес, сонымен қатар үстелдерді, шкафтарды және басқа да декорды таба аласыз. Алайда кез келген бөлмені безендіретін орындыққа қарап, дүкен атауына қатысты сұрақтар бірден жоғалады.

Instagram/@lyubimoe_kreslo

Retro Space парақшасы әжелердің сүйікті хош иісі бар, жайлы және әрқашан дәмді болатын кеңістік сияқты. Мұнда винтаж заттарды қалпына келтіруге болады және одан да әдемі винтаж жиһазды сатып алуға болады. Мына жәшікке қараңызшы!

Instagram/@retrospace_kz

Бинокльдер, үстел шамдары, бидондар, сағаттар және тіпті ескі есіктердің тұтқалары - мұның бәрін art&fact дүкенінен табуға болады. Бірақ таңдауымыз аты аңызға айналған классикаға - былғары қаптамадағы Olympus камерасына түсті.

Instagram/@artifact_shop_kz

Винтаж заттарды арнайы іздейтін және сатып алатындар да бар. Ал бұл қыз Алматыда түрлі ғажайып ыдыстарды табады. Villeroy & Boch бренді Rusticana топтамасының мұндай тәрелкесінен жеуге болмайды! Оны қабырғаға іліп, таңдануыңыз керек.

Instagram/@vintage_dinara_almaty

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек