Ақмола облысында 6 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Ақмола облысы Қосшы қаласында кәріз құдығынан 6 жасар бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, 26 тамызда сағат 21.30 шамасында тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Ол 2 сағат бұрын 6 жасар ұлы аулаға ойнауға шыққанын, содан бері қайда екені белгісіз екенін айтқан.

"Полиция басқармасы басшылығы, жеке құрам мен жедел-тергеу тобы көрсетілген мекенжайға дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бала кәріз құдығынан (септиктен) өлі табылды", - деді ведомство өкілдері.

Полиция бұл деректі соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеген, сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!