Бес метрлік питон иесінен қашып, көрші пәтерге кіре жаздады

Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында салмағы 38 келі болатын альбинос-питон терезе арқылы тұрғындардың үйіне кірмек болған. Шошынған тұрғындар жыланды 6 метр биіктен итеріп жіберген, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ұлыбританиялық егде жастағы әйел оянған кезде пәтерінің шатырынан бес метрлік питонды көрген. Ол терезе арқылы пәтерге кірмек болыпты.

"Шатырдан бірдеңе көріп қалдым, оны пластикалық құбыр деп ойладым, бірақ содан кейін басы қозғала бастады. Терезеңіз алдындағы үлкен жылан таңертең бірінші кезекте көргіңіз келетін нәрсе емес", - деді 62 жастағы үй иесі Дженни Уорвик.

Питон терезе арқылы үйге кірмек болған кезде, әйел еден жуғыштың сабын алып, жыланды 6 метр биіктен итеріп жіберген.

Осыдан кейін шошынған тұрғындар үйінде жылан ұстайтын көршісіне барған. Бұл питон көршісінікі емес екен, бірақ ол иесі табылғанша оны ұстай тұруға келіскен.

"Мұндай көлемдегі питон өте қауіпті, әсіресе ол аш болса. Үй жануарлары немесе кішкентай балалар бар пәтерге кіріп кетсе, не болатыны белгісіз", - деді әйел.

Кейінірек жыланның иесі табылып, оны үйіне алып кеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!