Үш баласы мен әке-шешесі қаза тапты: Қарағандыда адамшошырлық жол апаты болды

Үш баласы мен әке-шешесі қаза тапты: Қарағандыда адамшошырлық жол апаты болды

Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат шамамен 23.30-да "Балқаш-Приозерск" тасжолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде 35-жастағы Opel Vectra жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25-жастағы азаматтың басқаруындағы Hovo автомашинасымен соқтығысқан. 

Opel Vectra автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы, олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қаза болды, бір бала ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процестік шешім қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек