Алматыда әйел көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен секірмек болды

Алматыда отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқтала жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеодан қыздың үшінші қабаттың терезесінен секірмек болғанын көруге болады. Оның бұл әрекетін қарама-қарсы үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алған.

Оқиға кешкі уақытта Alma City тұрғын үй кешенінде болған. Әйел мен ер адам арасындағы жанжалдың соңы адам өлімімен аяқтала жаздады. Ер адам пәтер терезесінен секіріп кетпек болған қыздың қарсылығына қарамастан, оны аман алып қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!