Лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтқан жеңімпаз жүлдесін алмады

Лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтқан жеңімпаз жүлдесін алмады

АҚШ-та 1,33 миллиард долларлық джекпот ұтып алған Mega Millions лотереясының жеңімпазы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Басылым мәліметінше, ұтыс билеті Чикаго маңындағы жанармай құю бекетінде сатылған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың аты-жөнін білмейтіндіктен, жұртшылықтан билеттерін қайталап тексеруді сұрады.

"Біз бұл адамның джекпот ұтып алғанын білетін-білмейтінін білмейміз", - деді Гарольд Мэйс, Иллинойс лотерея департаментінің директоры.

Жеңімпаз ұтысын ойын өткізілген күннен бастап 12 ай ішінде алып кете алатыны атап өтілген. Ол салықты ұстап қалғада, 708,5 миллион доллар қолына алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова