Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

27 тамыз еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарында ауа райына циклондар әсер етеді. Салдарынан аталған өңірлерде жауын жауады, найзағай жарқылдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райы жалғасады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, желдің күші түнде - 3-8, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +25+27 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел қарқыны - 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +12+14 градус, күндіз +26+28 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлттар жөңкіледі, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с.

Ауа температурасы түнде +14 +16 градус, күндіз +31 +33 градус болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова