Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растаған. Баспасөз қызметі мәліметінше, облыс әкімі өтінішті 24 тамызда берген.

Сондай-ақ, 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танығаны және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескені белгілі болды.

Сонымен қатар, маусымда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингте Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!