"Астана" футбол клубының миллиардтаған бюджеті айтылды - БАҚ

"Астана" футбол клубының миллиардтаған бюджеті айтылды - БАҚ
Фото: pixabay.com

Елордалық "Астана" командасының биылғы маусымдағы бюджеті 4,8 миллиард теңге, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл туралы Vesti.kz порталына дереккөз хабарлады. 

Сонымен қатар, дереккөздің ақпараты бойынша, осы аптада команда футболшылар мен бапкерлердің кейінгі айлардағы айлықтарын төлеген. 

Команда басшылары жиналыс өткізіп, онда сыйақы бойынша былтырғы қарыздары жуық арада толық жабылатынын да айтқан. 

Айта кетейік, ҚПЛ 16 турынан кейін "Астана" командасы турнир кестесінде "Ақтөбеден" екі ұпайға қалып, екінші орында келеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек