Головкин-Канело трилогиясында кімдер төрелік етеді?

Головкин-Канело трилогиясында кімдер төрелік етеді?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің төрешілері бекітілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында өтеді.

BoxingScene.com мәліметінше, рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы құрамы мынадай: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында да қазылық еткен. Бірінші жекпе-жекте ол 115-113 есебімен қазақстандық жеңді деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазған. 

Вайсфельд те Головкин мен Канелоның екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова