"Ұйықтайтын бөлмесі бар". Қазақстандық әйел Google-дағы жұмысын көрсетті

TikTok-та Нью-Йорктегі Google компаниясының кеңсесін көрсеткен қазақстандық әйелдің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Желіге zhazira_life есімді қолданушы жүктеген. Ролик 77 мыңнан аса қаралым жинаған, сондай-ақ, 600-ден аса пікір жазылған.

@zhazira_life #турофиса #работамечты #ньюйорк ♬ original sound - Zhazira

Видеода бұл компанияда жұмыс істеудің артықшылықтары айтылған.

"Google-да жұмыс істеудің бір артықшылығы - тегін тамақ. Мұнда әр қабатта асханалар бар. Вегетериандық, азиялық, америкалық, еуропалық. Әріптестеріңмен жиналыстан кейін массаж орындығына отыруға болады. Сондай-ақ, итіңді де ала келуге болады. Оларға арналған ойыншықтар бар. Кеңсе соншалық үлкен, кейде тіпті самокатпен жүруге болады. Бильярд ойнауға болатын ойын бөлмесі бар. Ұйықтайтын бөлме де бар. Менің ең сүйікті орным - microkitchen. Онда жеміс-жидек жеуге, кофе жасауға болады", - дейді ол.

Жазираның сөзінше, басында ол Doordash компаниясында жұмыс істеген.

"Былтыр Doordash және Google компанияларынан ұсыныс алдым. Басында командам, жұмыс істейтін өнім ұнаған соң Doordash-ты таңдадым. Бірақ біраз уақыт жұмыс істегеннен кейін жұмыс пен ана ролін қатар алып жүру қиын екенін түсіндім. Ойланып, Google-ға баруды ұйғардым. Google көп мүмкіндік береді. Мысалы, әлемнің кез келген жерінен жұмыс істей аламын, Қазақстаннан да жұмыс істеуіме болады", - дейді Жазира.

@zhazira_life Replying to @nnnnnnnnnag ♬ original sound - Zhazira

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!