Тоқаев қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!