"Мынаны қалай киесің?" Жетісу облысында әйел әкімдік берген мектеп формасына шағымданды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ата-ана жергілікті әкімдік берген мектеп формасына шағымданды. Ол қызына дұрыс мектеп формасының орнына бірнеше есе үлкен киім берілгенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол әлеуметтік көмекке өтінімде қызының өлшемін көрсеткен. Бірақ оған дұрыс өлшеммен берілмеген.

"Мынаны мектепке қалай киесің? 34-36 деп өлшемін көрсеттім, бірақ жоқ. Мемлекеттік қаражатқа қалайша немқұрайды қарауға, осылай жұмсауға болады?" - дейді видеода әйел.

Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруге әлі ерте екенін айтқан.

"Қазір пікір білдіре алмаймын, бірінші анықтауымыз керек. Алдымен бұл киімді біз бердік пе, жоқ па, соны анықтаймыз", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!