"Мессенджер арқылы да тапсырма береді". Әлихан Смайылов Президентпен қалай байланысатынын айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қалай байланысатынын айтып, WhatsApp-та ортақ чаттарыңыз бар ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Мемлекет басшысымен күн сайын телефон арқылы да, мессенджерлер арқылы да хабарласамыз. Жұмыс күні де, кешке де, таңертең де хабар алмасамыз. Мемлекет басшысы кейбір маңызды ақпараттық материалдарды жібереді немесе тапсырмалар береді. Нон-стоп, 24/7 үздіксіз байланыстамыз деп айта аламын", - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы елдегі жағдай бойынша ақпаратты қайдан алатынын айтты. 

"Барлық арна арқылы. Премьер-министр кеңсесі қоғамда талқыланып жатқан маңызды мәселелер бойынша ақпараттық материалдар дайындайды. Олар маған дайджест және сыни материалдарды әзірлейді. Оппозиция да, тұрғындар да, бизнес өкілдері де сын айтады. Біз дер кезінде және дұрыс жауап беру үшін осының бәрін ескеруіміз керек. Әрине, мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және теледидарды, газеттерді де көреміз", - деді Әлихан Смайылов. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Tengrinews.kz сайтынан оқи аласыздар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!