TikTok-та тренд түсіріп жүрген әже танымал болды

TikTok-та тренд түсіріп жүрген әже танымал болды

TikTok-та немересімен бірге көңілді видео түсірген әженің видеосы танымал бола бастады, - деп хабарлайды Tengri LifeStyle.

Әжесі мен немересі түсірген видеолар біртіндеп аудитория жинай бастаған. Бір видео 300 мыңнан аса қаралым жинаған.

@gulbanu911 #апашканахайпе #рекомендации ♬ original sound - .

"Қандай сүйкімді", "Әжесі керемет, қызы да әдемі", "Кереметсіздер, бір-біріңізге қамқор болыңыздар", "Керемет әже", - деп жазып жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.

Видеодағы қыздың анасы - Жанар Шаймерденова.

"Қызым Назым анам Гүлбанумен бірге осы жазда видео түсіре бастады. Қазір демалыс болғандықтан, олар әжесімен бірге көп уақыт өткізеді. Қызым көңілді видеолар түсіруді ұйғарды, анам оның бастамасын қолдады. Назым өзі түсіріп, өзі өңдейді. Әжеміз жаңа технологияларды түсінбейді, тек немересін қолдағысы келді", - дейді Жанар.

Гүлбану әженің жасы 76-да екен. Қызының сөзінше, ол немерелерімен уақыт өткізгенді жақсы көреді.

"Анам бізбен бірге Нұр-Сұлтанда тұрады. Менің үлкен ұлым бар, ол 21 жаста. Ортаншы қызым - Назым, ол 13 жаста. Кішкентай қызым жақында 4 жасқа толды. Назым музыка мектебінде оқиды, 5-сыныпқа көшті. Таэквондомен де кәсіби түрде айналысады. Оның жетістіктері, медальдары бар", - дейді Жанар.

Жанардың сөзінше, видеолар бұлай таралады деп өздері де күтпеген. Оның айтуынша, пайда табуды көздемейді, әзірге балаға әжесімен уақыт өткізген көңілді екеніне қуанады.

"Анамның немерелерімен қарым-қатынасы керемет", - деді Жанар.

Ол қызының әжесімен көңілді видеолар түсіріп жүргеніне қарсы емес. Алайда қызы бұл іспен бос уақытында ғана айналысады екен, күніне бір сағаттан аспайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова