Қандай ауруға шалдыққанда көлік тізгіндеуге болмайды?

Қандай ауруға шалдыққанда көлік тізгіндеуге болмайды?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдар үшін көлік жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ, катаракта, глаукома және инсульт алған адамдарға көлік жүргізбеген жөн. Бұл туралы терапевт дәрігер Андрей Звонков айтты, - деп хабарлайды URA.RU.

Дәрігердің айтуынша, жүрек соғысының бұзылуы өте қауіпті.

"Адамда аритмия немесе жүрек соғысының күрделі бұзылу түрлері болса, олар жолаушы санатына ауысқаны дұрыс. Кәсіпорындарда гипертониямен ауыратын жүргізушілердің қан қысымы 140-тан жоғары болса, оларды желіге шығармайды. Ал күнделікті өмірде әркім өз ойынша тәуекелге барады. Қан қысымы 200 де 100 болса, ол адам мұны білмей қалуы мүмкін. Ол рөлде отырған кезінде де аяқасты есінен танып қалуы мүмкін", - деді Звонков.

Сондай-ақ, терапевт көру қабілеті бұзылған және инсульт алғаннан кейін көлік жүргізбеген дұрыс екенін айтты.

"Глаукома кезінде түсті қабылдау қатты өзгеруі мүмкін. Катаракта кезінде көру өрістері түсіп кетеді. Инсульттан кейін де көлік жүргізбеген дұрыс. Егер оңалту аяқталған болса, науқас өзін қалыпты сезінеді, оның реакциясы зардап шекпеген болса, невропатологпен кеңескеннен кейін көлік жүргізе алуы мүмкін. Сондықтан, жүргізушінің жағдайын психоневролог, невропатолог тексеруі керек", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер қандай дәрі-дәрмектерді ішкеннен кейін көлік жүргізу қауіпті екенін айтты. Звонковтың айтуынша, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін барлық препараттың нұсқамасында дәріні ішкеннен кейін көлік жүргізу және қауіпті әрекеттермен айналыспау керек деген белгілер бар.

"Бұл препараттар реакцияны азайтады. Оларды тыныштандыратын дәрілер деп атауға болады. Ең танымалы - "Валокордин". Оның құрамында жүрек соғу жиілігін төмендететін валерик қышқылы және өте күшті фенобарбитал бар. Ұйықтамасаңыз онда реакция міндетті түрде баяулайды", - деп түсіндірді Звонков.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова