Өзінен 14 жас кіші: Актер Данияр Алшынов үйленді

Өзінен 14 жас кіші: Актер Данияр Алшынов үйленді

"Районы", "Черный, черный человек", "Келинка тоже человек" фильмдеріндегі рөлімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған 35 жастағы актер Данияр Алшынов үйленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актер Instagram парақшасында жазып, ұзату тойдан суреттер жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Alshinov (@dalshino)

Данияр қалыңдығымен түскен суретін жариялаған бойда желі қолданушылары мен әріптестері жаппай құттықтап, бақыт тілеп жатыр. 

"Бақытты болыңдар, керемет жұп", "Бір-біріне сондай жарасады", "Құтты болсын, некелеріңіз ұзағынан болсын", "Бақытты неке болсын", "Бақытты, сыйлы, тату отбасылық ғұмыр тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Даниярдың таңдауы 21 жастағы Ажар есімді модель қыз.

Ажар танымал Avant Models халықаралық модельдік агенттігімен жұмыс істейді. Осыған дейін бірнеше сән журналдарының беттеріне шығып, ірі люкс брендтерінің түсіріліміне қатысып, модельдік бизнесте табысты дамып келеді. 

Айтпақшы, Данияр мен Ажардың жас айырмашылығы 14 жас.

"Той әлі болған жоқ, Ұзату ғана болды. Той алдағы жексенбі елордада өтеді", - деді Данияр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова