Павлодарда қызды бірнеше рет кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті

Павлодарда қызды бірнеше рет кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті

Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Соталды өндірісті жүргізу барысында ер адам қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл дерегі бойынша жүріп жатыр. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Еске салайық, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын.

Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде өзін кірпішпен ұрған белгісіз адамға шара қолдануды сұрады.

Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел іздестіру шаралары барысында полиция күдіктінің аты-жөнін анықтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова