"Ой, қыз, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ". Ләйлә Сұлтанқызы депрессияға түскен кездерін айтты

"Ой, қыз, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ". Ләйлә Сұлтанқызы депрессияға түскен кездерін айтты

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы терең депрессияға түскен кездерін еске алды. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 20 жасында 35 жаста деп ойлағандар да болған.

"Ой, қыз, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ. Сонда әдемі киінгім келеді. S, M өлшемін кигім келеді. XXL өлшемін бергенде, көңілің кәдімгідей жабырқайды. Одан кейін жасың небәрі 20-да болып, саған 35 бергенде, тіпті көңіл күйің түседі. Сол себепті терең депрессияға түскен кездер де болды. Артық салмақтан арылуыма ең бірінші кезекте махаббат көмектесті. Өмірге деген махаббат, болашақ жарыма деген махаббат. Мен тырысамын, ол менің қолымнан келеді. Сол сияқты барлық адамның қолынан келеді. Ең бастысы, әр дүйсенбі бастау емес, дәл осы сәттен бастау. Өзіңді жақсы көре бастау және де өзіңе не керек екенін анықтап, жаза білу", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова