Этно мен электрониканың эксклюзив қоспасы. Радик Тюлюш Ethnotronica Almaty-да өнер көрсетеді

Этно мен электрониканың эксклюзив қоспасы. Радик Тюлюш Ethnotronica Almaty-да өнер көрсетеді

Әлемге әйгілі тывалық музыкант Радик Тюлюш Алматыда өнер көрсетеді. Ол осы күздің басты фестивалі - Ethnotronica Almaty-ға қатысады.

Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күні аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте қаланың басты open-air алаңы - Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Кіру тегін. 

Радик Тюлюш - танымал тывалық музыканттардың бірі, оның шығармашылығына бүкіл әлем тамсанады. Ол әйгілі тывалық көмеймен айту өнерінің бірнеше түрін меңгерген. Музыкант "Хуун-Хуур-Ту" және "Ят-Ха" топтарының мүшесі, бірнеше рет World Music бойынша ең беделді номинацияларда жеңіске жеткен. Ол әлемдік сахналарда сәтті өнер көрсеткен "Чалама" жобасын дүниеге әкелген. Сондай-ақ, ол Алексей Иванов және Шыңғыс Соржу секілді музыканттармен бірге "Radik & Mapa" жобасын ұсынады. Алексей Иванов - танымал "Иван Купала" этно-поп жобасының қатысушыларының, композиторларының әрі ән өңдеушілерінің бірі. Радик Тюлюш The Spirit of Tengri жобасының фестивальдеріне қатысу арқылы қазақстандық аудиторияға танылған.

"Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Менің атым Радик Тюлюш. 10 қыркүйекте Алматыдағы Абай алаңында электрон этно-музыка мерекесі өтеді! Баршаңызды шақырамын! Бәріңізге бақыт пен зор денсаулық тілеймін!" - деді ол видеосәлемдемесінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от THE SPIRIT OF TENGRI (@spirit_of_tengri)

Радик Тюлюш қазақстандық электрон сахна әртістерімен бірге (Нариман Исенов және Мирхат Катауов) Ethnotronica Almaty-да AlmaLogic жобасымен өнер көрсетеді. Бұған дейін де Радик Тюлюш пен Нариман Исеновтің бірлескен қойылымдарда тәжірибесі бар. Енді олар Ethnotronica Almaty үшін арнайы жаңа эксклюзив бағдарлама дайындап жатыр, оны бірінші болып қазақстандық көрермен тамашалай алады.

Сондай-ақ, шоуға world music жанрында өнер көрсететін Жомбор Фехер (Мажарстан), Чылтыс Таннагашева (Тау Шориясы), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi (Грузия) секілді орындаушылар мен топтар, сондай-ақ, қазақстандық электрон сахна әртістерінен Kokonja, Edige, Ruus және жеке музыканттардан Layla-Qobyz (Қазақстан), Nuketai, Айжан Бектұрған (Қазақстан) қатысады.

Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасы этникалық сарын электрон музыкамен үйлесім тапқан XXI ғасырдың үнін ұсынады. Өйткені қазіргі музыка тілі мен технология бір-бірін дамытып, өзара ықпалдасады. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен қызметтің пайда болуына ықпал етеді, ал технологиялар музыканы жаңаша жасауға мүмкіндік береді.

Музыканттардың өнері real-time режиміндегі LED-дисплейлерде және онлайн-алаңдарда тікелей эфирде көрсетіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова