Трамптың үйінен 700 беттен аса құпия жазба табылды

Трамптың үйінен 700 беттен аса құпия жазба табылды
Фото: ©REUTERS

АҚШ Ұлттық мұрағаты Дональд Трамптың Флоридадағы үйінен 700 беттен аса құпия құжат тапты, - деп хабарлайды Reuters

АҚШ мұрағатшысының міндетін атқарушы Дебра Стайдел Уолл 10 мамырда Трамптың адвокаты Иван Коркоранға хат жолдаған. Бір күн бұрын оны журналист Джон Соломон жариялады. Трамп оған маусымда президенттік құжаттарына қолжеткізуге мүмкіндік берген.

"Қораптағы материалдардың ішінде "құпия" белгісі бар 100-ден аса құжат бар, барлығы 700 беттен асады. Олардың кейбіреулері аса құпия саналады, соның ішінде арнайы бағдарлама (SAP) негізінде жиналған материалдар бар", - делінген Уоллдың хатында.

Хатта Трамптың құпия материалдар бойынша қалай жұмыс істегені және оның федерал шенеуніктердің оларға қолжеткізуіне қалай кедергі келтіргені туралы қосымша ақпарат бар. 

Еске салайық, 8 тамызда оның үйіне 2021 жылғы қаңтарда қызметінен кеткен кезде Ақ үйден құжаттарды алып, заңды бұзбады ма және құжаттарды алып қоюға қатысты кедергі келтіруге тырысты ма деген мәселе бойынша тінту жүргізілген.

Осы аптада Трамп сотқа Флоридадағы мүлкін тінту кезінде табылған материалдарды тексеруді арнайы сот сарапшысы тағайындалғанға дейін тоқтата тұруды сұрап жүгінген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова