Шөлдеу де симптом. Түнде адам неге су ішкісі келеді?

Шөлдеу де симптом. Түнде адам неге су ішкісі келеді?
Фото: elements.envato.com

Doctorpiter мамандарының пікірінше, түнде су ішу үшін тұрсаңыз, бұл - маңызды белгі. Түнде шөлдеу қант диабетінің ғана емес, денсаулықтың басқа да проблемаларының белгісі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Адам тұзды тамақ жегеннен кейін шөлдейді, осылайша, түнде су ішу үшін бірнеше мәрте тұруы мүмкін. Бұл - артық тұзға ағзаның қалыпты реакциясы. Бұл орайда су-тұз балансын қалпына келтіру қажет.

Денеге қажет тұз мөлшері - шамамен 3-5 грамм. Адам тұзды тамақ жемесе, қатты шөлдесе, әсіресе, бұл түнде болса, қаншалық қауіпті?

Шөлдеу де симптом

Шөлдеу - ағзада су мен иондар арасындағы тепе-теңдікте проблемалар бар екенінен хабар беретін белгі. Күндіз немесе түнде су ішкісі келу - патология процесі емес, бірақ адам көп әрі жиі су ішкенде, "себебі неде" деген заңды сұрақ туындайды.

Медицинада үнемі шөлдеп жүру немесе полидипсия - табиғи жолмен болмайтын шөлдеу процесіне байланысты сипатталатын симптом. Бұл проблема кездессе, дәрігерге барған жөн.

Түнде шөлдеудің қауіпсіз себептері

Шөлдеу - ауыздағы құрғақшылықпен қатар болатын су ішкісі келу сезімі. Негізгі себеп ағзаның суға және сұйықтықты тұтынуға деген қажеттілігінің сәйкес келмеуі болуы мүмкін екені түсінікті.

Аптапта, мысалы, қатты терлегенде және тыныс алғанда, сұйықтық көп мөлшері жойылады, сәйкесінше адам да су ішкісі келеді, суға деген қажеттілік пайда болады.

Күндіз тұзды көп мөлшерде тұтыну түнге жақын шөлдетеді. Денеміздегі барлық сұйықтық изотоникалық, ол құрамында тұздары бар қатаң белгіленген концентрацияға ие. Сондықтан диетаның өзгеруі су балансына әсер етеді.

Аптап болса...

Шөлдеу ауа ылғалдылығына, әсіресе жоғары температураға да байланысты болады. Мысалы, қыста жылыту құрылғысы қосылған кезде тұрғын және жұмыс бөлмелеріндегі ылғал мөлшері төмендейді, адам осылайша су ішкісі келеді. Бәрінде механизм бірдей жүзеге асады, ауыздың, мұрынның және жұтқыншақтың шырышты қабаттары кебеді, оларды ылғалдандыру қажет болады.

Шөлдеудің патологиялық себептері:

- метаболизм дұрыс жүрмесе, мысалы, қант диабеті кезінде;
- артық тұз немесе глюкоза болуы (бүйрек оларды несеппен шығаруға тырысады);
- температура жоғарылауы зат алмасуды және сұйықтық жоғалуын тездетеді;
- сілекей бездерінің аурулары (шырышты қабықтың құрғауы);
- бауыр, бүйрек аурулары, диуретикалық және басқа да дәрі-дәрмектер, ішімдік;
- уланып қалғанда болатын диарея немесе құсу, ішек инфекциясы кезінде сұйықтық жоғалуы.

Не істеу керек?

Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегі әр адамның жеке шағымдарына байланысты болады. Кейде терапевтпен кеңесу немесе бөлмедегі микроклиматты өзгертіп, тамақтану мен су ішу режимін қайта қарау керек. Сонымен қатар, денсаулықты тексерткен абзал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова