Өскемен тұрғындарын Ертіс арнасындағы судың түсі шошытты

Өскемен тұрғындарын Ертіс арнасындағы судың түсі шошытты

Демалыс күндері Өскемен тұрғындары ағыс суының сабынды болып кеткенін байқап, су қоймасына қандай да бір ағын төгіліп жатыр деп болжаған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"20 тамызда ағыстың осы бөлігіндегі су сабынды, ақ болып кеткенін көрдім. Сол жерде құбыр болған, содан төккен болуы мүмкін. Оның үстіне, бұл аймақты сасық иіс алып кетті", - деді Өскемен қаласының тұрғыны Мария Фоминцева.

23 тамызда су деңгейі төмендеп, жағада дақ қалған.

Экологтар бұл жағдайдан хабардар. Мамандар сараптамаға су сынамасын алу үшін оқиға орнына барды.

"Талдау нәтижелері әлі дайын емес", - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек