Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды

Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алған.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова