Италия жағалауында қымбат яхтаның суға батқан сәті видеоға түсіп қалды

Желіде Жерорта теңізінде қымбат яхтаның суға батып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Басылым мәліметінше, 2007 жылы Монакода жасалған 40 метрлік Saga яхтасы Италиядағы Катанзаро теңіз жағалауынан 15 шақырымдай жерде суға батып кеткен. Видеоға яхтаны су басып, экипаж мүшелерінің құтқарылып жатқан сәті түсірілген.

Италияның жағалау күзеті Галлиполиден Милаццоға бара жатқан борттағы тоғыз адамды - төрт жолаушы мен бес экипаж мүшесін құтқарды. Яхтаның неліктен батып кеткені анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!