"Керемет жаңалық ашылды". Моңғолиядан Құтлық қаған кешені табылды

"Керемет жаңалық ашылды". Моңғолиядан Құтлық қаған кешені табылды
Фото: Darhan Qydyráli Facebook-парақшасынан

Белгілі ғалым Дархан Қыдырәлі Facebook-парақшасында Түркі қағандығы кезеңіне тән Құтлық қаған кешені, сондай-ақ, бітіктас табылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды. Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түркі және соғды жазуымен мәтіндер бар! Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз! Баршаға құтты болсын!" - деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Darhan Qydyráli Facebook-парақшасынан

Ж. Қадыржанова