"Ұмраға жолдама, алтын мен ақша". Блогер сән-салтанатпен той өткізді

"Ұмраға жолдама, алтын мен ақша". Блогер сән-салтанатпен той өткізді
Фото: Instagram balkia_baltabay

Алматыда блогер, психолог Балқия Балтабайдың тойы қаланың танымал мейрамханаларының бірінде өтті. Қалыңдық пен күйеу жігіт тойға келген қонақтардың біреуін де ренжітпеді. Тойда Ұмраға жолдама ойнатылып, алтын, ақша таратылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Көркем" ислам бағытындағы қыз-келіншектердің даму академиясы деп аталатын орталықтың негізін қалаушы Балқия Балтабайдың таңдауы Мұрат Анарбек есімді жігітке түсіпті. Ол қызға сезімін 12 жыл бұрын білдірген. Ал Балқия болашақ күйеуін түсінде көрген. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялаған. 

Бір қызығы, той қонақтарына тілек айтқызбай, тек ойын ойнатылып, билеткен, эстрада жұлдыздарына ән шырқатқан. Той ерекше шоу түрінде өткені байқалады. Тоқтар мен Бейбіт, Қуандық Рахым, Бүркіт пен Аиша, Калифорния секілді эстрада жұлдыздары бұл қуанышта өнер көрсеткен. 

Қайырымдылық істерімен жиі айналысатын блогердің тойын халық Instagram желісі арқылы қызығушылықпен тамашалады.

Психолог тойдан түскен қаржыны түгелімен Түркістан облысының Арыс қаласында салынып жатқан мешіттің құрылысына аударуды шешкен. 

Сондай-ақ, жас жұбай тойда ата-аналарына, бірнеше той қонақтарына Ұмраға қажылыққа жолдама сыйлады. Бұдан басқа, тойда белсенді қонақтарға ақша мен алтын таратқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балкия Балтабай / ПСИХОЛОГ (@balkia_baltabay)

Жаңаша форматта, ерекше өткен тойды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылады. 

"Берген садақамыз қабыл болсын", "Тойдың ішінде отырғандай әсер алдым", "Бақыт тілеймін жастарға", "Не деген керемет той. Сценариін кім ойлап тапқан, өте жоғары деңгейде өтті. Бақытты болыңдар", "Ниеттеріңіз қабыл болсын", "Жомарттығыңа шек жоқ. Үлгі аларлық жансың, Балқия сіңілім", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балкия Балтабай / ПСИХОЛОГ (@balkia_baltabay)

С. Бөлек