"Сенсация болсын". Сиви Махмуди алғашқы жігіті танымал өнер жұлдызы болғанын айтты

Әнші Сиви Махмуди Instagram-парақшасында алғашқы махаббаты танымал өнер жұлдызы Алмас Кішкенбаев болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде әншінің оқырмандарының бірі одан алғашқы махаббаты туралы сұраған.

"Сенсация болсын. Алғашқы махаббатым, бірінші жігітім 15-16 жасымда жүрген, бірінші рет айтып тұрмын, қазір жан досым - Алмас Кішкенбаев. Бізде бала махаббат болды. Ол 18-де, мен 15-16 шамамен. Қазір күліп еске аламыз", - деп жазған ол.

Instagram-парақшасынан 

Айта кетейік, Сиви Махмуди де, Алмас Кішкенбаев та белгілі әншілер. Алмас Кішкенбаев SuperStar KZ 2004 жылғы байқауының жеңімпазы болған.