"30 жыл ғашық болдым". TikTok-та сыныптастардың үйленуі тойынан видео жарияланды

"30 жыл ғашық болдым". TikTok-та сыныптастардың үйленуі тойынан видео жарияланды

Әлеуметтік желіде оқу бітіріп, көп жылдан кейін шаңырақ көтерген екі сыныптастың той видеосы тарады. Tengri Lifestyle тілшісі таңғажайып махаббат хикаясының жай-жапсарын білу үшін видео авторына хабарласты.

TikTok-та жарияланған әсерлі видео ананың тағдырына арналған.

"50 жасыңда өмір аяқталады деп кім айтты? Анам өзін бақытты еткен керемет адамға күйеуге шықты. Ол бізге өмір бойы армандаған әке сыйлады. Анам 30 жыл бойы өзіне ғашық болған сыныптасына қосылды. Ол бізді өз балаларындай қабылдады. Бақыт - таң сайын ас үйде ананың күлкісін есту", - делінген видеоның мәтінінде.

@aiga.zf Себестоимость 2500тг ? #делаемкорону #корона #handmade #ручнаяработа #коронанасвадьбу #замуж #свадьба #выхожузамуж #белоеплатье #диадемыручнойработы ♬ ABUSE - Ninety One

Жазба желі қолданушыларын бейжай қалдырмай, ондаған лайк пен мыңдаған пікірлер жинады.

"Әдемі жұп, бақыт тілеймін", " Сүйікті әйелін қанша күтті", "Бақытты болыңыздар", " Қандай әдемі жұп", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.

Видеоны әйелдің қызы жариялағаны белгілі болды. Оның есімі - Айғаным Алмағанбетова. Ал Tengri Lifestyle-ға таңғажайып махаббат хикаясы туралы анасы Дариға Зауырбекова айтып берді.

Олар күйеуі Османжан Тоқтаевпен бірге сыныптастар болған. Күйеуі мектептен бері оған ғашық болды.

"Османжанмен бала кезімізде таныстық, бірақ ол кезде оқу мен үшін бірінші орында болатын. Сол кезде қыз-жігіт болып кездеспедік", - дейді Дариға.

Кейін, көп жыл өткен соң, олар қайта қауышқан. Екеуі де отбасылы болған.

"Көп жыл өтті. Османжан менің ажырасқанымды білді. Сол кезде өзінің де ажырасқанына алты жыл болыпты. Ол батылдық танытып, маған Одноклассники-де жазды. Біз хат алмаса бастадық. 2018 жылы жазда кездестік, - дейді Дариға.

Османжан отбасылық себептермен Қазақстанға ұшып келіп, Дариғамен кездескен.

"Оны көргенде ғана менің адамым екенін түсіндім. Ол бірден ұсыныс жасады. Мен одан балаларыммен, ұлыммен сөйлесуін өтіндім. Мені бақытты ететініне уәде берді. Османжан сөзінде тұрды", - деді Дариға.

Кейін пандемия басталып, Османжан Германияға ұшып кетуге мәжбүр болды.

"Көпке дейін қосыла алмадық. Оңай болған жоқ. Бірақ бірге болуға барымызды салдық. Нәтижесінде ол келіп, үйлендік. 90-жылдардың стилінде той жасадық. Балаларымыз бізді қолдады, бұл біз үшін өте маңызды еді", - деп жалғастырды Дариға.

Бүгінде олардың отау құрғандарына бірнеше жыл болып қалған, қазір Қазақстанда тұрып жатыр. Өзінің сүйіктісі үшін Османжан Германиядан көшуді шешкен. Мұнда бизнес ашып, пәтер сатып алған.

"Ол Германиядан көшіп келді. Ол жақта екі баласы, немересі бар. 30 жыл сонда тұрып, осында жаңадан өмір бастады. Пәтер алды, жеке кәсібі бар. Біз өте қуаныштымыз. Туыстарымызбен де қарым-қатынасымыз жақсы. Ол әрқашан қасымда, мені қолдайды. Германиядағы отбасы мен достарын қатты сағынады. Қазір жолдар ашық. Мүмкін ол жаққа да жолымыз түсер. Бірақ мен үшін бірге болғанымыз маңызды", - дейді Дариға.

С. Бөлек