Аяғыңызды айқастырып тұрасыз ба? Демек, сіз...

Әдетте қалай тұрасыз? Аяғыңызды тік қоясыз ба әлде қиғаштайсыз ба немесе біреуін алға шығарасыз? Бірқатар зерттеуге сүйеніп, Doctorpiter психологтары адамның мінезін көрсететін төрт классикалық позаны атады, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

№1 Екі аяқ бірге

Мұндай адамдар билікті мойындайды және басқаларға жол бере алады. Олар көшбасшылыққа ұмтылмайды және қарым-қатынаста үстемдік етуге тырыспайды. Әдетте мұндай типтегі адамдар ризашылық білдіретін тыңдаушы болуға бейім, бірақ кез келген тақырыпта сөйлесе алады. Сондай-ақ, көбіне дау-дамайда эмоциясын көрсетпейді, бейтарап ұстанымды қолдайды. Әйел ер адаммен сөйлесіп тұрғанда осылай тұрса, онда ол онымен қарым-қатынас жасағысы келмейді және кездесуге келісуі екіталай.

№2 Аяқтар сәл бөлек тұрады

Адам көбіне осы позицияда тұрса, онда ол басқаларға үстемдік көрсетеді, қарым-қатынаста өзін сенімді ұстайды. Ол көп орын алуға тырысқандай тұрады әрі айналасында адам көп болса да, өзін көрсетуден қорықпайды. Сонымен қатар, өз пікірін сенімді түрде айтуға және айтқанынан қайтпауға бейімсіз. Әдетте ерлер мен әйелдер бұл позаны қоғам мен сұхбаттасушыға сигнал беру үшін қолданады.

№3 Бір аяқ алда

Адам бұлай тұрса, онда өзіне қанағаттанады. Өзінің ішкі "менінде" үйлесімді өмір сүріп жатқанын бүкіл әлемге көрсетіп, қазіргі сәттен ләззат алады. Мұндай позада тұрған адам өзінің сезімдері мен эмоцияларын ашық көрсетеді, ол әдетте басқаларға адал әрі ойында не барын тіке айтады. Бірақ көп адам арасында аяғын есікке немесе шығатын бағытта алға қоятын адам кеткісі келетінін, айналасына қызығушылық танытпайтынын көрсетеді.

№4 Аяқтар айқасып тұрады

Бұл жағдайда адам "өзін қорғайды". Ол кішігірім компаниялар ұнайтынын көрсетеді, ол өзінің эмоциясы мен сезімін ішінде сақтайды, кейде қарым-қатынас кезінде өзіне деген сенімділік жетіспейді. Мұндай адамдар басқалармен келісуге бейім, тіпті бір нәрсеге бағынады, олар бейтаныс адамдарды ұнатпайды, әдетте бейтаныс адамдармен сөйлесуге дайын емес.

Мұндай адамды лифтке кірген кезде бірден тануға болады, ол бейтаныс адамдарды көргенде, аяқтарын қайшылап алады. Бұл алаңдаушылықты немесе қобалжуды білдірмейді, бұл сыртқа жабық адам екенін білдіреді.

Аяқтарын қайшылап тұратын адамдар әдетте өздері туралы сөйлескісі келмейді және ашылмайды, олар әр сөзді сақтықпен таңдайды. Олар одан әрі қарым-қатынасқа дайын болса, тұрысын әлдеқайда босаңсытып өзгертеді.