Нұр-Сұлтанда мешітте түсірілген видео Желі қолданушыларын ашуландырды

Нұр-Сұлтанда мешітте түсірілген видео Желі қолданушыларын ашуландырды

Желіде Нұр-Сұлтанда мешітте ән айтып, билеп жүрген қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Мassaget.kz. Видеоны Іnstagram-да shyndykz парақшасы жариялады.

Видеода қыздың шашын жайып айғайлап ән айтып, билеп жүргені, оны бір топ адам тамашалап тұрғаны байқалады.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.

"Неге ешкім қой демеген?", "Осындайлар үшін Арбат бар ғой", "Саябақта жүргендей сызылды ғой", "Неге полиция шақыртпаған?", "Ауыратын адам болмаса олай істемейді немесе жын кірген болар. Алла сақтасын!", "Алла шипасын берсін".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

Г. Досымшалова