Нұр-Сұлтанда өткен Хабибтің турнирінде жанкүйерлер арасында жанжал шықты

Нұр-Сұлтанда өткен Хабибтің турнирінде жанкүйерлер арасында жанжал шықты
Фото: Фото ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда өткен Хабиб лигасы турнирінде кезекшілік еткен полицейлер трибунадағы тәртіпті тез арада қалпына келтіруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

"Турнир барысында жанкүйерлер арасында екі рет төбелес болды. Тәртіп сақшылары төбелесті дер кезінде тоқтатты. Арандатушылар полиция бөлімшесіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, елордада Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жек лигасының 50-ші турнирі аяқталды.

Турнирде қазақстандық Дияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (17-14) кездесу өткізді. Бәске бос тұрған EFC белбеуі тігілді. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер Дияр Нұрғожаевтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, Eagle Fighting Championship турнирінің жеңімпазы атанды.

Г. Досымшалова