ТikTok-та лезгинка билеген қыздың видеосы танымал болды

ТikTok-та лезгинка билеген қыздың видеосы танымал болды

Елімізде той маусымы жалғасып жатыр. Желіде де Қазақстанның түкпір-түкпірінен ерекше әрі жарқын видеолар тарап жатыр. Ал TikTok-та қызжолдастың жігіттер арасындағы би байқауында билеп жатқан видеосы танымал болды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Қыздың лезгинка билеп жатқан видеосы 1,1 миллионнан аса қаралым жинаған.

Желі қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазған.

"Сұлу, мені биіңізбен баурап алдыңыз!", "Қалай керемет қозғалады?", "Қыз өте әдемі", "Биге барған шығар","Екеуі де әдемі билейді, бірақ қыз керемет", - деп жазып жатыр TikTok қолданушылары.

Видеодағы қыздың аты - Аружан Мағзұм. Ол Оралда өткен тойда қалыңдыққа қызжолдас болған.

"Байқау жігіттер арасында болды, оған жігітжолдас та қатысты. Мен оны қолдағым келді, сөйтіп, бірге лезгинка билеуге шықтым. Қонақтар таңғалды. Маған да ұнады", - дейді Аружан.

Қыз 21 жаста, ол Жезқазған қаласынан, бірақ қазір Алматыда тұрады. Аружан 4 жасынан бастап билеген.

"Бұрын Жезқазған қаласындағы халық би ансамблінде билеген едім", - дейді ол.

Бүгінде ол өзін блогер әрі биші ретінде көрсетіп жүр. Оның басты мақсаттарының бірі - өз студиясын ашып, сол жерде сабақ беру.

@magzzaa

Жигит жолдас или кыз жолдас? ?

♬ оригинальный звук - Aruzhan Magzum
Ж. Қадыржанова