"Екінші анам". Енемен жақсы қарым-қатынаста болу жолы қандай?

Ене мен келіннің қарым-қатынасы үнемі жақсы бола бермейді. Өзара түсіністік болмауы отбасылық жанжалдың, кейде тіпті ажырасудың себебі болып жатады. Психологтар жеке шекараны бұзбай, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты қалай сақтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

"Басынан дұрыс болмаса, күйеу жігітке қайын енесімен немесе келінге қайын енесімен психологиялық жағынан жақсы қарым-қатынас орнату оңай емес. Көп жағдайда ененің дайындығына байланысты, бірақ бұл орайда жұбайыңның өзін қалай ұстайтыны да маңызды, біреуді жақтай ма немесе бейтарап бола ма? Осыған сүйеніп, өз тактикаңызды құруға болады", - дейді психолог Анастасия Пономаренко.

Үш сценарий

Енеңіз өзі жақсы қарым-қатынас орнатқысы келсе, ешқандай сұрақ туындамайды. Ең бастысы - қарым-қатынас формасына назар аудару. Ол мүмкіндігінше сыпайы, дұрыс болуы керек, жағдай шиеленіскен кезде жай сөйлеуге тырысу қажет.

Қарым-қатынас орнатудың тамаша нұсқасы - бірлескен қызмет, екі тарап бірдей позицияда болса, ешкім басты адам болмайды.

Ене дұрыс қарым-қатынас орнатқысы келмесе және "менікі әрқашан дұрыс" деген ұстаныммен өмір сүрсе, көп нәрсе келіннің немесе күйеу жігіттің сезімталдығына байланысты болады.

Кейбіреулер ешнәрсеге алаңдамайды, енді біреулер бәрі қалыпты болғанын қалайды. Алғашқылары өз шекараларын қалай қалпына келтіруді біледі, туыстары өзі туралы не ойлайтынына мән бермейді. Ал екінші типтегі адамдар қоршаған әлемге эмоционалды түрде қарайды. Оларға қиынырақ болады.

"Сені қолдаймын"

Әдетте жұбайы қолдаса, оның анасымен де жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Бұл жағдайда енемен келісіп, "рақмет, уайымдағаныңызды бағалаймын, бәрін жасаймыз" деу қажет, бірақ бәрін өз қалауыңызбен жасап, түсіндірмеуге тырысу керек.

"Өздерің шешіңдер"

Жұбайың қолдамаса немесе бейтарап болса, онда енеңізбен қарым-қатынасты шектеген жөн. Өйткені бәрін жүрекке жақын қабылдайтындарға мұндай адамдардан аулақ болған дұрыс.

Қайта қалпына келтіру

Арадағы қарым-қатынас дұрыс болмаса, тағы бір нәрсені айтуға тырысудың, кінәсіз екеніңді дәлелдеудің еш мәні жоқ.

Адам қарым-қатынасты қайта дұрыстағысы келсе, өзінен "мұны қандай мақсатпен жасаймын?" деп сұрау қажет. Өйткені қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін уақыт, күш, шыдамдылық керек.

Мақсат анық болса, бірінші қадам - бұрын өзіңдікі дұрыс емес болғанын мойындау. Ең бастысы - қарым-қатынас үзілгеніне өкінетініңізді көрсету, өйткені ол адам сіз үшін әлі де қымбат болуы немесе бірге өткен жақсы естеліктерді есте сақтауыңыз мүмкін. Міне, осыдан бастау керек.

Екінші тарап қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келмеуі мүмкін екеніне де дайын болу керек. Уақыт өте келе олар шешімін өзгертуі мүмкін. Ең бастысы - олар қазір сіз үшін не маңызды екенін білуі және өзіңіз қарым-қатынасты жалғастыруға дайын екеніңіз.

Қарым-қатынас бұзылмауы үшін не істеу қажет?

- назар аудару, қарым-қатынасқа уақыт бөлу;
- өзіңіз туралы айту, басқалар білуі үшін нені маңызды деп санайтыныңызды жеткізу;
- екі жаққа да қызық тақырыптар табу;
- бірге уақыт өткізу;
- мейірімді болып, кейде өзіңізге мүлдем кереғар нәрсені білуге қызығушылық таныту;
- ризашылық білдіру, қамқорлығына, қолдауына алғыс айту.