Кардиолог қан ұюының белгілерін атады

Кардиолог қан ұюының белгілерін атады
Фото: elements.envato.com

Күнделікті сұйықтықты аз мөлшерде тұтыну, зәр шығарудың жиілеуі қан ұйығанын білдіруі мүмкін. Бұл туралы кардиолог Юрий Серебрянский айтты, - деп хабарлайды "Пятый канал".

"Адамның қаны ұйыса, басы ауырады, шөлдеу, шаршау, кейде жүректің ауырсынуы байқалады", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, қаны ұйыған адам жарақат алған кезде қан кетпейді.

"Аптапта мұндай адамдар жеткілікті мөлшерде су ішуі керек. Сонымен қатар, әдеттегіге қарағанда, шамамен бір литр көп су ішуі қажет", - дейді маман.

Ж. Қадыржанова