"Кодтар арқылы сөйлеседі". Алматыда дәріхана курьері есірткі таратқан

"Кодтар арқылы сөйлеседі". Алматыда дәріхана курьері есірткі таратқан

Алматыда дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны өзін "дәріхана курьері" ретінде таныстырған. Оның айтуынша, ол өзіне Интернеттен "күнделікті төлем жасалатын дәріханалар желісінің курьері" деген сипаттамамен жұмыс тапқан.

"Шын мәнінде, ер адамның қылмыстық ісі жасырын іздеу жүйесіндегі бірінші ағын ғана. Әрі қарай жұмыс берушімен байланыс орнату үшін кодтарды пайдалану керек. Ұсталған күні курьер 29 доза есірткі қоюға тапсырыс алған. Алайда ол ұсталды. Қызғылт түсті ұнтақ заты бар байламдар сараптамаға жіберілді, қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар психотроптық болып саналады. Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде соталды тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол кезде ол бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан.

Д. Шәріпхан