Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған екі жасар бала аман қалды

Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған екі жасар бала аман қалды

Талдықорғанда екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды. Бала дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 18 тамыз кешке Талдықорғандағы Қаратал шағынауданында болған. Басылым мәліметінше, сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Анасы баланы үлкен балаларға сеніп қалдырып, үйден шығып кеткен екен.

"Шақыру бойынша келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір ол тексеріліп жатыр. Дәрігерлер сәбиге жан-жақты көмек көрсету үстінде. Анасы да сол жерде", - деді дәрігерлер.

Г. Досымшалова