Танымал актер тойда тап болған ыңғайсыз жайтты айтты

Желіде белгілі актер Алмат Сақатовтың видеосы тарады. Ол тойдан кейін болған ыңғайсыз оқиғаны әңгімелеген, - деп хабарлайды Massaget.kz

Видео Facebook желісінде жарияланған. Актердің сөзінше, қалталы адамның тойын басқарған. Ол осы тойдан кейін ыңғайсыз жайт болғанын жеткізді.

"Бүгін бір сондай көңілім болмай тұр. Жақында тойға бардым. Бастық болғанда, бастықтардың бастығының тойын өткіздім. Сол той бітіп, шығатын кезде көлігім жөндеуде болған соң таксимен кетемін деп тұрдым. Той иесі баласына "мынаны жолға дейін жеткізіп тастаңдар" деді. "Мынаны" деген сөз қатты өтіп кетті. "Жарайды" деп көлігіне отыра салдым. Келе жатқан кезде Жол полициясы басқармасы қызметкерлері тоқтатты, ол терезені ашты да, қолындағы құжатын лақтыра салды. Терезені жапты да, кетіп қалды. Жол полициясы басқармасы қызметкерлері бір минутқа жетпей, қуып жетіп алды. Көлікті тоқтатып, кішкене ғана ашық терезесінен құжаттарын тығып, лақтырып жіберді де, өздері кетіп қалды. Нөмерін көрген ғой, аты-жөнін көрген. Кім екенін айтпай-ақ қояйын", - дейді актер.