Ақтөбеде баланы ит талаған оқиға: полиция кінәлілерді таппаған

Ақтөбеде баланы ит талаған оқиғаға қатысты қылмыстық іс жабылды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым мәліметінше, баланың өліміне қатысты оқиғадан қылмыс құрамы анықталмаған. Полиция бұл істі екі ай бойы тергеген, бірақ баланың өліміне жауаптылар анықталмаған.

"Тергеу барысында өлім ит талағанынан болғаны анықталды. Іс жабылды, баланың өліміне жауапты адамдар жоқ", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9 маусымда қала сыртында орналасқан Нұр ауданында болған еді. Салынып жатқан нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы баланың денесі табылған болатын.