Ақтауда екі адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақтауда екі адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

16 тамызда 14-шағынаудандағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы аттанды.

Жедел іздестіру барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтiру) бойынша тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Г. Досымшалова