Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды

Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды

Павлодарда жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты. 22 жастағы бойжеткен негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Айта кетейік, 25 мамырда түн ортасында М.Жүсіп көшесіндегі монша маңында жігіт пен қыздың арасында жанжал туындаған.

Павлодар қаласы № 2 сотының үкімі бойынша, мас қыз ауызша жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға жатқызылды.

Бойжеткенге Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тағылды.

"Сотталушы Павлодар прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды ескерді", - деді Павлодар қаласының №2 соты.

 Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді.

Сонымен қатар осы жылдар бойы қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Г. Досымшалова