"Өмірді қиындата бермейік". Қайрат Нұртастың еден жуған інісі сынға қалды

"Өмірді қиындата бермейік". Қайрат Нұртастың еден жуған інісі сынға қалды
Фото: zangaar Instagram-парақшасынан

Жақында ғана үйленген әнші Заңғар Нұртастың әйелі Instgram-парақшасында күйеуі еден жуып жүрген сәттің суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Ас үйде үлгермей жатыр едім, сүйіктім көмектесті", - деп жазған ол парақшасында.

Кейінірек Жібек бұл сурет жұбайының рұқсатымен салынғанын айтқан.

"Кеше салғаным кейбір қызға жақпай қалды. Бірақ көзі ашық қыздар басым көпшілігі. Ең алдымен, сторис Заңғардың рұқсатымен салынды, "саған көмектескенім ұят емес, онда тұрған ешнәрсе жоқ" деп айтты. Сіздерге де осыны тілеймін, оңай емес өмірді одан да қатты қиындата бермейік", - деп жазды ол.

Ж. Қадыржанова