Этно-фанк, джаз және рок синтезі. Ethnotronica Almaty-да Венгрия атынан кім өнер көрсетеді?

Этно-фанк, джаз және рок синтезі. Ethnotronica Almaty-да Венгрия атынан кім өнер көрсетеді?

Осы күздің басты оқиғасы - Ethnotronica Almaty фестивалінде Венгрия атынан Kerekes Band тобының мүшесі Жомбор Фехер (Zsombor Feher) қатысады.

Үш сағаттық шоу 10 қыркүйекте Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Кіру тегін. Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күні аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Kerekes Band музыкасы - Венгрия мәдениетін танытатын, электрон түрде өңделген этно-фанк, джаз және рок стилінде орындалатын әуен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от THE SPIRIT OF TENGRI (@spirit_of_tengri)

"Сәлем Қазақстан, сәлем Алматы! Менің атым - Жомбор Фехер. Мен венгриялық Kerekes этно-фанк тобының мүшесімін. 10 қыркүйекте Абай алаңында сіздермен бірге рок айтамын. Жан Қастеевтің арқасында сүйікті елімде - Қазақстанда тағы да өнер көрсетемін. Ethnotronica Almaty фестивалінде кездескенше!" - деді музыкант.

Электрон сахна әртістері арасында Қазақстан атынан DJ Ruus өнер көрсетеді:

"Сәлем, менің атым - DJ Ruus! 10 қыркүйекте Ethnotronica Almaty-ға мен де қатысамын! Сіздерге электрон музыка мен этникалық мотив араласқан ерекше кеш ұйымдастырып жатырмыз. Бұл кеш қызық болады деп үміттенемін, келіңіздер!", - деп жазды DJ Ruus.

 

Сондай-ақ, шоуға world music жанрында өнер көрсететін Радик Тюлюш (Тува), Чылтыс Таннагашева (Тау Шориясы), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi (Грузия), сондай-ақ, қазақстандық электрон сахна әртістерінен Нариман Исенов AlmaLogic жобасымен бірге, Kokonja, Edige, Ruus және жеке музыканттар Layla-Qobyz (Қазақстан) және Nuketai (Қазақстан) қатысады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ethnotronica Almaty - The Spirit of Tengri-дің жалғасы емес, жеке шоу, мұнда электрон музыкаға баса назар аударылады. The Spirit of Tengri дәстүрлі көктемгі іс-шара болса, ұйымдастырушылар Ethnotronica Almaty күзгі дәстүрлі фестивальге айналады деп үміттенеді.

Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасы этникалық мотив электрон дыбыспен үйлесетін XXI ғасырдың үнін ұсынады. Өйткені қазіргі музыка мен техника бірін-бірі байытып, әсер етеді. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен қызметтің пайда болуына әкеп соғады, ал технология музыканы жаңа жолмен жасауға мүмкіндік береді.

Музыканттардың қойылымдары LED-дисплейлерде, сондай-ақ, онлайн платформаларда тікелей эфирден көрсетіледі.

Ж. Қадыржанова