Балгерлер әйелді баласы ауыр науқас екеніне сендіріп, ақша талап еткен

Өзбекстанда үш балгер ұсталды, олар жергілікті тұрғынды баласы ауыр науқас екенін айтып, емделуіне ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Nuz.uz

Оқиға 4 тамызда Өзбекстанның Музрабад ауданында болған. Қашқадария облысында тұратын екі балгер мен олардың серіктесі Файзабад тұрғынын балаңызды емдей аламыз деп сендірген.

Соның салдарынан олар еңбегінің ақысы ретінде құны 500 мың сом тұратын Samsung J2 ұялы телефонын, 2,5 миллион сомдық алтын сырғасын және 100 мың сом ақшасын алып кеткен.

Бұл дерек бойынша балгерлерге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.