Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. Бұған дейін боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тең түссе, екіншісінде Альварес жеңіске жеткен.

"Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз", - деп жазды боксшы Instagram желісінде.