Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандарға қатысты дерек неге жарияланбайтыны айтылды

Бас прокуратура қаза тапқандарға қатысты дерек неге жарияланбайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлары туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда қаза тапқан адамдардың тізімін жариялаған болатын. Онда 238 адамның есімі жазылған.