Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандарға қатысты дерек неге жарияланбайтыны айтылды
![Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандарға қатысты дерек неге жарияланбайтыны айтылды](/userdata/news/news_70710/image_l.jpg)
Фото:
©Тұрар Қазанғапов
Бас прокуратура қаза тапқандарға қатысты дерек неге жарияланбайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлары туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда қаза тапқан адамдардың тізімін жариялаған болатын. Онда 238 адамның есімі жазылған.
Е. Төлеш