Алматыда тұрғын 25-қабаттан құлаған сәтінде түсірілген видео жарияланды

Алматыда тұрғын 25-қабаттан құлаған сәтінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Розыбакиев көшесінде кешкі 22:00 шамасында тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан бойжеткен секіріп кеткені хабарланған болатын.

Марқұмның жеке басы анықталған. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеу басталған еді.