Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті

Өскеменде 3 баласы бар 47 жастағы келіншек 12-тамыздан бері үйіне оралмаған, - деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты.

Басылым мәліметінше, Садықова Сәния Қадырханқызы 12-тамыз шамамен сағат 18.00-19.00 шамасында жоғалған.

Ол үй әрлеу, еурожөндеу жұмыстарымен айналысқан. 12 тамыз кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошарсыз.

Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқкиімі бар. Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел ішімдікке немесе басқа әдеттерге үйір емес.

Г. Досымшалова