"Көмектесуден қашпады". Орал тұрғыны өзін құтқарған фельдшерге ерекше алғыс айтты

Орал тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне өмірін сақтап қалғаны үшін ерекше алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Оралдық Ангелина Десятниктің бейнеүндеуі "Уральская неделя" басылымында жарияланған. Онда әйел жағдайы нашарлағанын, дәрігерлерді екі рет шақырғанын, үшіншісінде Зульфия есімді фельдшер келгенін, ол өзіне жақсы қарағанын айтады.

"Міне, осы қыз, есімі - Зульфия. Ол маған көмектесуден қашпады. Керісінше, маған не болғанын анықтау үшін бәрін жасады. Оған қатты ризамын. Ол ағзамда қант деңгейі жоғары екенін анықтады, литріне 22,6 миллимоль екен. Кейін маған ауруханадағылар бір күн қаралмай жатып қалсам, диабет комасына түсуім мүмкін екенін айтты. Одан әдетте адамдар айыға алмайды", - деді Орал тұрғыны.

Ангелина Десятник өзін құтқарған қызға алғыс айтқысы келетінін жеткізді.

"Жылуыңыз бен мейірімділігіңізге көп рақмет. Ол келесі күні де мені қалай қабылдағандарын, қандай палатаға орналастырғанын, өзімді қалай сезінетінімді білу үшін хабарласты. Қандай адам екенін елестетіңіздерші", - деді ол.

Ангелина Десятник қызға гүл шоғы мен тәттілер сыйлаған. Видеода олар құшақтасып жатқаны көрінеді.